Skate Canada: Ел намысын Элизабет Тұрсынбаева қорғайды | arainews.kz

Skate Canada: Ел намысын Элизабет Тұрсынбаева қорғайды

161

Бүгін Канаданың Квебек провинциясындағы Лаваль аймағында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирінің екінші кезеңі, Skate Canada бәсекесі басталды.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, екі күнге созылатын додада Қазақстанның намысын Элизабет Тұрсынбаева қорғайды.

Канададағы Гран-при турниріне ерлер мен әйелдерден 12 спортшыдан қатысады. Әлем чемпионатына дейінгі ең ірі жарыс саналатын Skate Canada турнирінде әлемнің ең үздік спортшылары өнер көрсетеді.

Атап айтар болсақ, Тұрсынбаевамен бірге әлем және Еуропа чемпионы, ресейлік Елизавета Туктамышева, Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері, екі дүркін әлем және Еуропа чемпионы Евгения Медведевалар сынға түседі.

Сондай-ақ, жапониялық Вакаба Хигучи, Юра Мацуда, Мако Ямашиталар да — Элизабеттің басты қарсыластары.

Сенбі күні Астана уақытымен таңғы 06:45-те әйелдер арасындағы қысқа бағдарлама бәсекесі басталады. Ал жексенбі күні таңғы сағат 07.00-де спортшылар еркін бағдарламадан сынға түседі.

Еске сала кетейік, Пхенчхан Олимпиадасынан соң Элизабет Тұрсынбаева ресейлік бапкер Этери Тутберизденің қоластына өтті. Жаңа маусымда Тұрсынбаева Finlandia Trophy 2018 халықаралық турнирінің күміс жүлдесін жеңіп алды.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.