Павлодарда 101 жастағы соғыс ардагері сотта өз мүддесін қорғады | arainews.kz

Павлодарда 101 жастағы соғыс ардагері сотта өз мүддесін қорғады

157

Павлодарда «Мобильді сот» 101 жастағы соғыс ардагерінің талабын қанағаттандырды.

«Шарбақты аудандық соты «Мобильді сот» қосымшасы арқылы өз бетімен салынған құрылысқа және жер учаскесіне меншік құқығын тану туралы азаматтық істі қарап, қанағаттандырды», — делінген хабарламада.

Сотқа Шарбақты ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері және мүгедегі Ефим Емельянович Петренко жүгініп, өз күшімен салған құрылысқа және жер учаскесіне меншік құқығын тану жөнінде талап арызын жеткізген.

Ардагер өзінің жасына қарамастан, мобильді қосымша арқылы үйде отырып, өзінің заңды мүддесін қорғады.

Сондай ақ, бүгін Ефим Емельянович 101 жасқа толды. Сот қызметкерлері аталған жағдайды пайдалана отырып, ардагерді туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық, отбасына береке тіледі.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.