Алматы әуежайында оқ-дәрі алып өтпек болған әйел ұсталды | arainews.kz

Алматы әуежайында оқ-дәрі алып өтпек болған әйел ұсталды

212

Алматы әуежайында патрон алып ұшпақ болған әйел ұсталды.

Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында тауып алған оқ-дәріні заңсыз сақтағаны үшін А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

2018 жылғы 31 мамыр күні сағат 13:00 шамасында А. Алматы қаласының «Жұлдыз-1» ықшам ауданындағы «Балнұр» сұлулық салонының жанынан жерден бір дана оқ тауып алып,  сөмкесіне салған. Сол күні, сағат 13:50  шамасында А. Астана қаласына ұшу үшін әуежайға келеді. Сағат 14:15-де  әуевокзал ғимаратындағы тексеру аймағынан өту барысында рентген аппараты әйелдің сөмкесінде патрон бар екенін көрсеткен.

Сарапшының қорытындысы бойынша, ол әскери патрон екені әрі атуға жарамды екені анықталды.

Сөйтіп, А. оқ-дәріні заңсыз иемденіп, сақтап және тасымалдаған.

Сот отырысында сотталушы А. өз кінәсін мойындап, өкінетінін айтты.

Сот үкімімен А. Қазақстан Республиксының Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.