WhatsApp мессенджерінде болашақта қолданушылардың бет әлпеті және саусақ іздері арқылы аутентификациясы пайда болады.
Өзгерістер iOS операциялық жүйесінде жұмыс істейтін смартфондарда ғана болады. iPhone иегерлері Touch ID немесе Face ID арқылы мессенджерге кіре алады. WhatsApp мессенджерінің жаңа мүмкіндігі алдыңғы альфа-нұсқасында пайда болған, алайда қолданушылар мұны қолдана алмайды. Бұл әдіс арқылы хат алмасу қосымшаға қосалқы қорғаныс орнатуға болады. Әзірге бұл жүйенің қашан шығатыны белгісіз.
tengrinews.kz