Қазақстанның сыртқы сауда палатасы Өзбекстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесе отырып, Өзбекстандағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Ташкентте «VIII Орталық Азия сауда форумы» халықаралық көрмесі аясында ұлттық стенд ұйымдастырды.
Қазақстан «Сауда мен инвестицияларды дамытудағы жаңа көкжиектер» тақырыбына арналған форумда 29 компания — машина жасау, кабельдік өнімдер, металлургия, агроөнеркәсіп секторы, халық тұтынатын тауарлар, жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік, құрылыс, сондай-ақ медициналық бағыттағы заттар шығаратын өндірушілер ұсынылды. Оларға бұл шара өз өнімдерін ұсынуға және көптеген әлеуетті серіктестер табуға мүмкіндік берді.
Қазақстанның Ұлттық стендіне форумның ұйымдастырушы өкілдері — Орталық Азия бойынша USAID аймақтық директоры Кристофер Эдвардс, АҚШ-тың Қазақстандағы бас консулы Эрик Майер, Өзбекстандағы АҚШ елшілігінің өкілі Алан Мельцер және Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Нодир Отаджонов қатысты.
Форум ұйымдастырушылары Қазақстан ұсынған Ұлттық стендтің жоғары сапасын, көрнекілігін және ақпараттық сыйымдылығын жоғары бағалады. Компаниялар заманауи талаптарға сай жоғары сапалы өнімдер шығаратын сенімді бизнес-серіктестер ретінде қазақстандық өндірушілердің имиджін одан әрі нығайтуға үлес қосты.
Қазақстан өзбек кәсіпкерлерімен келіссөздер барысында 1,5 миллион АҚШ долларынан астам сомаға келісімшарттар жасасты, сондай-ақ 20 мың тонна балықтың азық-жемдерін жеткізу туралы келісімге қол қойды.