ШҚО-да ЖРВИ жұқтырғандар саны 9 мыңға жетті | arainews.kz

ШҚО-да ЖРВИ жұқтырғандар саны 9 мыңға жетті

289

Облыста жедел респираторлық-вирустық инфекция жұқтырғандардың саны бір жарым айда 9 мыңға жетіп отыр.

Бұл аурудың таралуындағы шекті сан емес. Өйткені эпидемиологиялық маусымның қараша айында басталатыны белгілі. Десе де, облыста әзірше тұмау жұқтыру фактісі тіркелген жоқ.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген мәліметке сүйенсек, қыркүйек пен қазан айының бірінші жартысында облыс бойынша нақты 8990 адам ЖРВИ-мен сырқаттанған. Оның ішінде Өскеменде — 2672, Риддерде — 1244, Глубокое ауданында- 1185, Зырян ауданында — 884, Шемонайха ауданында — 348, Бородулиха ауданында — 166, Ұлан ауданында — 28 адам.

Айта кетсек, 2018-2019 жылдары А типіндегі тұмау вирусының екі тип тармағы — H1N1 (Мичиган) және H3N2 (Сингапур), сондай-ақ, В типіндегі Колорадо вирусы белсенді түрде таралуы мүмкін деп болжанып отыр. Бұлардың арасында Сингапур вирусы аса қауіпті.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.