Мұнайдың әлемдік бағасы құбылып тұр | arainews.kz

Мұнайдың әлемдік бағасы құбылып тұр

212

Лондон және Нью-Йорктің шикізат биржаларында сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша мұнайдың әлемдік бағасы әртүрлі бағытта өзгерді.

Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында желтоқсан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 0,56 долларға арзандап, 75,68 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың желтоқсан айындағы фьючерстерінің бір баррелі 0,39 долларға көтеріліп, 66,82 долларға жетті.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.