Дін мәселелеріне арналған облыстық конференция өтті | arainews.kz

Дін мәселелеріне арналған облыстық конференция өтті

180

Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» мекемесінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыт-бағдарларын насихаттау» тақырыбындағы әлеуметтік жобасы шеңберінде «Жаңа Ру» жастар коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Тараз қалалық мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру: зайырлы қоғамдағы ұлттық құндылықтардың орны» тақырыбындағы облыстық конференция өткізілді.

Конференцияға Тараз қаласы және облыс аудандарының ішкі саясат бөлімінің дінге жауапты мамандары, Жастар ресурстық орталығының мамандары, дінтанушылар, теологтар, мектептердің дінтану пәнінің мұғалімдері, БАҚ өкілдері қатысты. Конференция барысында Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Д.Жұмабаев, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Дархан Байдалиев, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті Қазақ филологиясы жəне латын графикасын оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы, PhD доктор Бахтияр Бекназаров, Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының бөлім басшысы Еркебұлан Есмаханов «Жаңа Ру» жастар коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігінің заңгері Асхат олжабаев сөз сөйледі.

Конференция барысында 5 спикер жобаның атқарылу барысындағы айтылған ұсыныстармен қойылған сұрақтарға тоқтала отырып, жобаны алдағы уақытта өткізу барысында ұсыныстарды ортаға салды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.