Тайваньда пойыз рельстен шығып кетіп, 22 адам қаза тапты | arainews.kz

Тайваньда пойыз рельстен шығып кетіп, 22 адам қаза тапты

143

Тайванның солтүстік шығысында жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, 22 адам қаза тапты, 170-тен астамы жараланды. Тағы бірнешеуі үйінді астында қалуы мүмкін.

Апат жергілікті уақытпен кешкі сағат бес шамасында, Тайпейден 70 шақырым жерде болған.

6432 теміржол экспресінің барлық жеті вагоны рельстен шығып кеткен. Тайпей-Тайтунг бағдарындағы пойызда  366 адам болған.

Тайвань темір жолы басшысының орынбасары Лу Чи-шен баспасөз мәслихатында: «Пойыздың қолданысқа берілгеніне алты жыл, техникалық жағдайы жақсы, — деп мәлімдеді.

Әзірге пойыздың рельстен шығып кетуіне не себеп болғаны белгісіз.

Дәрігерлер мен өрт сөндірушілер жаралыларға көмектесуде. Елдің қорғаныс министрінің айтуынша, құтқару операциясына 120 әскери қызметші тартылған.

Айта кетсек, бұл елдегі теміржол арқылы  күн сайын  жарты миллионға жуық жолаушы тасымалданады.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.