Керчьтегі оқиғада қаза тапқандардың ішінде қазақстандықтар жоқ — СІМ | arainews.kz

Керчьтегі оқиғада қаза тапқандардың ішінде қазақстандықтар жоқ — СІМ

347

«Зардап шеккендер мен көз жұмған адамдардың ішінде қазақстандықтар жоқ. Қазақстанның атынан Керчьте қайтыс болғандардың туған-туыстарына, жақындарына көңіл айта отырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз», — делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Еске сала кетсек, кеше Керчь қаласындағы политехникалық колледжде жарылыс болды. Бастапқы мәлімет бойынша, 10 адам қаза болып, 20-дан астамы ауруханаға жеткізілген.

Кейін қаза болғандар саны 21 адамға жеткендігі туралы хабарлаған болатынбыз.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.