Мемлекеттік кірістер комитетіне жаңа басшы тағайындалды | arainews.kz

Мемлекеттік кірістер комитетіне жаңа басшы тағайындалды

301

Марат Сұлтанғазиев ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Бұған дейін Марат Сұлтанғазиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеген.

Марат Елеусізұлы 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Білімі бойынша экономист-қаржыгер, заңгер, іскер әкімшілдік магистрі, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын және Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласында салық органдары жүйесінде бастаған, онда ұзақ уақыт бойы әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Кейін Қаржы министрлігінде департамент директоры, әрі қарай ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік — экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі, өткен жылы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментін басқарды.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.