Таразда «Автобус» жедел профилактикалық шарасы өткізіледі | arainews.kz

Таразда «Автобус» жедел профилактикалық шарасы өткізіледі

178

Тараз қаласы Ішкі істер басқармасы Жол-патрульдік полициясы батальоны  ағымдағы жылдың 18 мен 20 қазан аралығында республикалық деңгейдегі «Автобус» жедел профилактикалық шарасы өткізілетінін хабарлайды.

Аталған іс-шара аясында жол қаупсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктердің заңдылығы, сондай-ақ, техникалық жағдайына  тексеру жүргізілетін болады.

Қазақстан Республикасының  17.04.2014 жылғы «Жол жүрісі туралы»  Заңының 52 -бабы 4- тармағына сәйкес  стационарлық полиция бекеттерінде, сондай-ақ жедел-профилактикалық шараларды жүргізу кезінде жүргізушінің осы Заңның 54-бабы 3-тармағының 1-тармақшасында көзделген құжаттарды тексеру үшін қоғамдық көліктерді тоқтатуға рұқсат етілген.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.