Сенатор Сәуле Айтпаева Тараздағы арнаулы мектепте болды | arainews.kz

Сенатор Сәуле Айтпаева Тараздағы арнаулы мектепте болды

181

Бүгін Тараз қаласына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева жұмыс сапарымен келді. Сапары барысында халық қалаулысы Жамбыл облысы әкімдігінің мәжіліс залында өткен Елбасы Жолдауын талқылау мақсатында жиынға қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары М.Шүкеевтің төрағалығымен басқосуға облыстық білім басқармасының басшылық құрамы, Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының хатшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, білім мекемелерінің басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиында Елбасы Жолдауында жүктелген міндеттердің облыста орындалу барысы, сонымен қатар, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, балалардың өмір сүру сапасын жақсарту жайы талқыланды.

Сондай-ақ, ҚР Парламент Сенатының депутаты Сәуле Айтпаева  және облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова облыстық балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебінің жұмысымен танысып, ондағы тәрбиеленушілермен сұхбаттасты. Кездесу барысында балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебінде 23 бала тәрбиеленетіні, олар мектепте түрлі үйірмелерге қатысып, бос уақыттарын пайдалы өткізетіні айтылды.

Кездесу соңында халық қалаулысы арнаулы мектептің жұмысына оң бағасын берді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.