Қазақстанда 15 қазандағы жағдай бойынша, 21 млн 735,2 мың тонна астық бастырылды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, есепті кезеңде ауыл шаруашылығы өндірісшілері 14 млн 861,7 мың гектар немесе өңірлердегі жалпы астық алқаптарының 98,7%-ында астық орылған. Орташа өнімділік гектарына 14,6 центнерді құрады.
2017 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіш 15 млн 315,7 мың гектар немесе 99,7%-ды, ал орташа өнімділік гектарына 14,3 центнерді құраған болатын.
Қазақстанда 2018 жылы астық орылатын алқаптардың жалпы аумағы 15 млн 63,1 мың гектарды (2017 жылы — 15 млн 365,2 мың га) құрайды. Сонымен қатар, биылғы егістік науқанында жалпы 15 млн 122,6 мың гектар аумаққа дән себілген, ал былтыр бұл көрсеткіш — 15 млн 411,6 мың гектарды құраған болатын.