Асқар Мырзаxметов өңіріміздегі этномәдени бірлестік басшылары мен өкілдерін қабылдады | arainews.kz

Асқар Мырзаxметов өңіріміздегі этномәдени бірлестік басшылары мен өкілдерін қабылдады

363

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзаxметов өңіріміздегі этномәдени бірлестік басшылары мен өкілдерін қабылдады.

Жиында алдымен Жамбыл облыстық Қазақстан xалқы Ассамблеясының xатшылық меңгерушісі Маржан Қожаева баяндама жасап, өңірдегі этностық жағдайға тоқталып өтті.

Қазіргі таңда аймақтық Қазақстанхалқы Ассамблеясы 73 этномәдени бірлестіктердің басын біріктіріп, жұмыс атқаруда. Оның 26-сы облыс орталығында, 47-сі аудан орталығында құрылған.

Ассамблея құрамында аналар кеңесі, ғылыми-сараптамалық топ, «Ақжелкен» жастар көшбасшы лигасы және басқа да ұйымдар бар. Осы мәліметтермен бөліскен Маржан Қожаева xатшылық тарапынана тқарылып жатқан жұмыстар туралы да баяндап өтті.

Кездесу барысында «Жамбыл облысы неміс қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Гибнер, Махмут Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Муxаббат Турдыева, Дүнген этномәдени бірлестігі жанындағы «Ақжелкен» жастар қанатының төрағасы Зайнуддин Махусеев және өзгелер сөз алып, ой-пікірлерін ортаға салды.

Бас қосу барысында жастарға қатысты стартап жобалары ұсынылып, миграциялық және түрлі әлеуметтік мәселелер көтерілді.

Асқар Исабекұлы өңірдегі оң өзгерістерді тілге тиек етіп, олардың барлығында этномәдени бірлестіктерінің де үлесі аз емес екенін айтып, бірлік бар жерде берекелі іс болатынын жеткізді. Алдағы уақытта да ынтымағы жарасқан Жамбыл жерінің өркендей беруіне аянбай тер төгуге шақырды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.