Пәтер иелері шығындарын онлайн бақылайтын болады – депутат | arainews.kz

Пәтер иелері шығындарын онлайн бақылайтын болады – депутат

178

Пәтер иелері кооперативтерге төлейтін қаржылық шығындарын онлайн бақылай алады. Бұл туралы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымында Парламент Мәжілісінің депутаты Сапар Ахметов мәлімдеді.

«Әрбір қаламызда бір ПИК 10 үйді, Алматыда 100 үйге дейін басқарады. Бір ғана есепшот он үйге бірдей ақпарат бере алмайды. Тұрғындар ақшаны төлегенімен еңбекақыға, жөндеу жұмыстарына, қысқа дайындауға, үйдің дәліздерін жөндеуге, құбырларды ауыстыруға қанша қаржы кететітін білмейді және кооперативтері оларға ақпарат бере алмайды. Қазір біз тұрғын үй қатынастарының ішінде басты мәселе ашықтықты қамтамасыз етуіміз керек. Әрбір тұрғын ақшасының қайда кетіп жатқанын білуі тиіс», — деп атап өтті мәжілісмен.

Ол қазіргі уақытта тұрғындардың пәтер иелері кооперативтеріне сенбейтінін жасырмады.

«Әрине, жақсы жұмыс істейтін ПИК төрағалары көп, оларға сенім бар. Бірақ халықтың 80-90 пайызы ПИК-тің ашықтығына сенбейді. Егер де біз осыны қамтамасыз етсек онда тұрғындар үйін өздері басқарып, азаматтық позицияларының болуын қамтамасыз етсек олардың үйіне деген, көшесіне деген, қаласына деген көзқарасы өзгереді деп ойлаймыз. Тұрғындар ПИК есебін онлайн режимде көре алады. Соған сай Үкімет портал құрып отыр», — деді Өскенбаев.

Ол сондай-ақ тұрғын үйді пайдалануға берген сәттен автоматты түрде кондоминимум құрылатынын айтты.

«Әрбір үйдің өзіндік есеп шоты, Кеңесі және сайланған төрағасы болады. Ол адам басқармамен бірге әрбір үйдің қаржысын қайда жіберу керек, осы тұрғын үйге қызмет көрсету үшін кіммен келісімшарт жасау қажеттігін шешіп, есеп береді. Бұған қоса кез келген үйді пайдалануға берген кезде автоматты түрде кондоминимум құрылатын болады. Тұрғындар орналасқан алғашқы күннен бастап олар меншік иелері бола алады және дауыс беру құқығын иеленеді. Қазіргі кезде құрылыс компаниясы үйді пайдалануға берген соң ол жерге басқарушы компания келеді де, ал тұрғындар құқықсыз қалады. Мұндай болмауы тиіс», — деді депутат.

Baq.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.