Жамбылдықтар Халық жазушысы Шерхан Мұртазамен қоштасты | arainews.kz

Жамбылдықтар Халық жазушысы Шерхан Мұртазамен қоштасты

148

Алаштың арда азаматы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ұлтымыздың аяулы перзенті, қоғам қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Шерхан Мұртазаның қайғылы қазасына орай  Тараз қаласындағы Б. Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында қаралы жиын өтті.

Заңғар жазушымен қоштасуға арналған жиында облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сансызбай Жорабеков сөз сөйлеп, арда азаматтың еліне сіңірген еңбегі жайлы ой толғады. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат Шер-ағаны еске алып, марқұмның қазақ елінің рухани дүниесіне қосқан үлесі туралы тебірене сөз сөйледі.

Естеріңізге сала кетейік, Халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұратаза 9 қазан күні 87 жасына қараған шағында қайтыс болған еді. Дәуір дарабозын ақтық сапарға шығарып салу рәсімі бүгін Алматы қаласында өтті. Ал, жамбылдықтар үшін «Жеңіс» саябағында жазушының портреті қойылып, гүл шоқтарын қоям деушілерге арнайы орын әзірленген.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.