Меркілік жастарға Жолдаудың маңызы түсіндірілді | arainews.kz

Меркілік жастарға Жолдаудың маңызы түсіндірілді

166

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Мәтен жастарға Елбасы Жолдауының маңыздылығын жеткізу  мақсатында меркілік жастармен кездесті.

Басқосуда сөйлеген сөзінде басқарма басшысы Жолдауда көрсетілген негізгі мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға, әсіресе, жастар белсене атсалысуы керектігін айтты. Сондай-ақ, келер жылдың «Жастар жылы» деп жариялануы өңір жастарын жігерлендіргенін айта келе, бұл Мемлекет басшысы тарапынан жастарға артылған жауапкершілік әрі үлкен сенім екендігіне тоқталды.

Сонымен қатар, Жолдауда алдағы 5 жыл ішінде білім, ғылым салаларына қаражат көлемін арттыру, оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптардың күшейтілуі, жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мәселелері көтерілгені туралы кеңінен баяндады.

Айдандағы сапары барысында Мәди Мейірбекұлы, бұдан бөлек, «ZHAS PROJECT» жобасы аясында ашылған сұлулық салоны мен қыштан бұйым жасау шеберханасының жұмыстарымен танысты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.