Асқар Мырзахметов Шерхан Мұртазаның жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады | arainews.kz

Асқар Мырзахметов Шерхан Мұртазаның жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

491

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың 87 жасқа қараған шағында дүниеден озған көрнекті жазушы Шерхан Мұртазаұлының жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Құрметті Батылжан Шерханұлы, Алма Шерханқызы!
Шер ағаның ет-бауыр жақындары мен туыстары!

Сіздерге алаштың арда азаматы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ұлтымыздың аяулы перзенті, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаұлының өмірден өтуіне байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, шын жүректен көңіл айтамын.

Отбасының ақылшысы, ардақты әке Шерхан Мұртазаұлы өзінің саналы ғұмырын ел тәуелсіздігінің тұғырлы болуына, әдебиет пен журналистика саласының дамуына арнады.

Шер-ағаның қаламынан шыққан «Табылған теңіз», «Мылтықсыз майдан», «41-жылғы келіншек», «Қара маржан», «Қызыл жебе» атты көркем әдеби және тарихи мұралар қазақ ұлттық әдебиетінің Алтын қорына енгендігі дәуір ақиқаты.

Бар саналы ғұмырын ұлтына арнаған Шерхан Мұртаза нағыз ұлт патриоты, ана тіліміздің шын жанашыры еді.

Шерхан Мұртазаұлы егемен еліміздің ішкі және сыртқы саясатының өркендеуіне және ел экономикасының қарқынды дамуына айрықша үлес қосқан біртуар азамат болатын.

Қазақ әдебиетін дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін ақын ағамыз Қазақ КСР-нің еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, Қазақстанның Халық жазушысы, Жамбыл облысының құрметті азаматы атақтарын иеленіп, «Құрмет белгісі», І дәрежелі «Барыс», «Отан» ордендерінің иегері болды.

Өмірде артында өшпес із қалдырған Шер-ағаның қазасын оның аса жоғары қадіріне ие болған Жамбыл жұртшылығы зор күйзеліспен қабылдады.

Марқұмның топырағы торқа, жаны жәннатта болсын. Артында қалған ұрпағы аман болсын.

Құрметпен, Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметов.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.