Таразда «Дәмді Taraz food tourism-2018» ұлттық тағамдар көрмесі ашылды | arainews.kz

Таразда «Дәмді Taraz food tourism-2018» ұлттық тағамдар көрмесі ашылды

183

Таразда ұлттық тағамдарын қайта жаңғырту мақсатында «Дәмді Taraz food tourism-2018» ұлттық тағамдар көрмесі басталды. Екі күнге жалғасатын шара Жамбыл облысы әкімдігінің Туризм басқармасының ұйымдастырумен өтуде.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған шарада жергілікті аспаздар бағзыдан бүгінге жеткен тағам түрлерін дайындау, сыйлы қонаққа арналған ас табағын әзірлеу, оны қонақтардың мәртебесіне қарай үлестіру сынды жөн-жоралғыларын шет елдік қонақтарға таныстырады. Ең бастысы – осы көрмеде халық назарына ұсынылған ұлтымыздың ұмыт болып бара жатқан тағамдары жергілікті мейрамханалардың мәзіріне енгізілетін болады.

Байқауға тағам туризмі саласында еңбек етіп жүрген 100-ге жуық шетелдік және 300-ге жуық қазақстандық турист келеді деп күтілуде. Сонымен қатар, шара барысында тағам туризм дамыту тақырыбында семинар кеңестер, шеберлік сабақтары және өзара әріптестік жөніндегі меморандаумдарға қол қойылады деп жоспарлануда.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.