Президент мектеп пен балабақшаларды бейнебақылаумен қамтамасыз етуді жүктеді | arainews.kz

Президент мектеп пен балабақшаларды бейнебақылаумен қамтамасыз етуді жүктеді

251

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында мектеп пен балабақшаларды бейнебақылаумен қамтамасыз етуді жүктеді.

«Балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескеріп, бүкіл мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуді, мектеп психологтарының жұмысын күшейтуді және басқа да дәйекті шараларды жүзеге асыруды тапсырамын», — деді Елбасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент мектепке дейінгі білімде біліктілік талаптарын, оқыту әдісін, тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажеттігін тапсырды.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.