Президент: Қолма-қол ақшасыз экономикаға қарай жүруіміз қажет | arainews.kz

Президент: Қолма-қол ақшасыз экономикаға қарай жүруіміз қажет

505

2019 жылды 1 қаңтарынан салықтық бұзушылықтарға жол бергендерге айыппұл көлемі арттырылады.  Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Бизнесті заңсыз әкімшілік қысымдар мен қылмыстық қудалау қатерінен қорғауды күшейту қажет. 2019 жылдың 1 қаңтарынан салықтық бұзушылықтарға қылмыстық жауапкершілік қолдану шегін оларға айыппұлды арттыра отырып, 50 мың АЕК-ке дейін көтеруді тапсырамын. Бүгінде басшылар құжатқа қол қоюға   ертең келіп «жағадан» алады деп қорқады және қорқытады. Мен Ұлттық қауіпсіздік қызметіне мұндай шешеуніктерді ұстап, қылмыстық іс қозғауды тапсырамын», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының пайымынша, сондықтан Экономикалық тергеулер қызметін қайта құрып, оған Қаржылық бақылау комитетінің функцияларын беру қажет және оның негізі қызметі көлеңкелі экономикамен күрес болуы тиіс.

«Біз қолма-қол ақшасыз экономикаға қарай жүруіміз қажет. Қолма-қол ақша жүрген жерде пара, бұзушылықтар орын алып, экономика көлеңкеде болады. Салық, зейнетақы қорына, әлеуметтік қорға аударым жасалмайды. Үкімет экономиканың көлеңкелі айналымын 3 жылдың ішінде кемінде 40 пайызға қысқарту бойынша нақты шаралар қабылдауы тиіс», — деді Мемлекет басшысы.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.