Диордың музасы – қазақтың жиені | arainews.kz

Диордың музасы – қазақтың жиені

206

Белгілі француз сәнгері Кристиан Диор жайлы білмейтіндер кемде-кем. Себебі, ол фэшн-индустриясына өзінің қолтаңбасын алтын әріптермен қалдырған бірден-бір кутурье.

Кәдуілгі суретші сынды Диордың да шабытына шабыт қосатын музасы болыпты. Ол – Алла Ильчун есімді ару. Алланың анасы қазақ болғанымен, әкесі орыс эмигранты.
Атақты модельермен қарапайым бойжеткеннің таныстығы да ерекше болған. Асханада жай ғана ыдыс жуушы болып жүрген бойжеткен құрбысымен Диордың кастингіне барып, кутурьенің бірден көзіне түсіпті. Өзінің сымбатымен ерекшеленген Алла ұзақ уақыт бойы сән саласында еңбек еткен. Бойжеткеннің белінің өлшемі небәрі 47 сантиметр болған. Қабаққа қаламсаппен тік сызық салу бейнесін алғаш рет сәнге енгізген де осы Алла болатын. Диор оған барынша қамқорлық көрсеткен. Содан болса керек, сәнгер Алланың екінші әкесі деген де атқа ие болған.

Айжан Өбекова

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.