Мұхтар Әбілязовтің ісі Жамбыл облысында қаралады | arainews.kz

Мұхтар Әбілязовтің ісі Жамбыл облысында қаралады

139

Мұхтар Әбіләзовке қатысты қылмыстық іс Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралатын болады.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 304-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы 2018 жылдың 2 қазанында айыпталушы М.Қ.Әбілязов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (16.07.1997 жылғы редакциясы бойынша) 28-бабы 3-бөлігі және 96-бабы 2-бөлігі «ж», «з» тармақшасы бойынша сотқа тартылады. Әбілязовке қатысты іс Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралатын болады.

Әбілязов 2004 жылы бас бостандығынан айыру орнынан босағаннан кейін 4 млн АҚШ долларына М.Ш.Тоқмәдиді жалдай отырып, «Банк Тұран Әлем» АҚ басқарма төрағасы Е.Н.Тәтішевті өлтірткені үшін айыпталып отыр.

2004 жылдың 19 желтоқсанында М.Ш.Тоқмәди Мұхтар Әбілязовтің мүддесіне қарай жұмыс істей отырып, Жамбыл облысы Қордай ауданында аңшылық кезінде аңшы қаруымен Тәтішевті өлтірген.

Осыдан кейін Мұхтар Әбілязов «Банк Тұран Әлем» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланып, аталмыш банкті басқаруға келген.

Бұдан бұрын М.Қ.Әбіләзовке бұқаралық ақпарат құралдары және «Le FIGARO» және «I’Opinion» француз газеттері арқылы тергеу амалдарына қатысуы керектігі бірнеше рет ескертілген болатын.

М.Қ.Әбілязовтің келмеуіне байланысты айыпталушыға ҚР ҚПК 67-бабы тәртібінде Алматы қалалық адвокаттар алқасының кәсіби адвокаты тағайындалды.

М.Қ.Әбілязов Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жүргендігі және жауаптан жалтарғаны ескеріле отырып, Бас Прокуратура ҚПК-ніің 304-бабын  негізге ала отырып, М.Қ.Әбілязовке істің сотқа жолданғанын ескертеді.

Сонымен бірге, айыпталу актісінің көшірмесі тағайындалған адвокатқа тапсырылғаны хабарланады.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.