Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде «Мемлекеттік қызмет көрсету» орталығы ашылды | arainews.kz

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде «Мемлекеттік қызмет көрсету» орталығы ашылды

322

Цифрлық технологияларды пайдалану мен дамыту арқылы мемлекет экономикасының бәсекелестігін және халық өмірінің сапасын арттыруға арналған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында электронды құжатайналым қызметін жүзеге асыру, әлеуметтік салада сандық жүйені жетілдіру мақсатында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде «Мемлекеттік қызмет көрсету» орталығы ашылды.

Орталықтың ашылу рәсіміне Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мақсұт Нәлібаев, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысының орынбасары Талғат Жамалов, Жамбыл политехникалық колледжінің директоры Жанар Орынбаева, Жамбыл медициналық колледж директоры Жәмилә Сарыбекова, №13 Тараз теміржол колледжі Нұржан Нұралиев қатысты.

Бұл бастама мемлекеттік қызмет көрсету саласында ғаламторды пайдаланушылардың саны көбейіп, тұтынушылардың цифрлық сауаттылығының жақсаруына апаратын бірден-бір жол бола алады. Колледж қабырғасында ашылған орталық оқытушылар мен білімгерлерге мемлекеттік қызмет көрсетіп қана қоймай, қызмет көрсетудің түрлері жайлы да мағлұмат беретін дереккөзіне айналары сөзсіз. Колледж директоры Айдархан Биназаров Мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық орталығының эстафетасын Жамбыл медициналық колледжінің директоры Жәмилә Сарыбекова табыстады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.