«Адасқанның айыбы жоқ қайтып үйірін тапқан соң…» | arainews.kz

«Адасқанның айыбы жоқ қайтып үйірін тапқан соң…»

154

Облыс әкімдігінің «Оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік тапсырыс шеңберінде облыстық «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар және қызметкерлері арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу» жобасы жанданды. Бұл бастамаға облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі қолдау білдіріп, бірқатар аудандарда ішкі істер бөлімінің пробация есебінде тұрған азаматтармен кездесулер өткізілді.

Шараның басты мақсаты қылмыстық жазасын өтеген немесе қоғамнан оқшаулау емес жағдайда жазасын өтеп жатқан азаматтарға әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету, жеке шаруасын ашуға түсіндірме жұмыстарын жүргізу және оларды қажеттілігі бойынша оқуға жолдауды ұйымдастыруға негізделді.
Кездесу барысында облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Бахтияр Әміреев дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер арасындағы айырмашылықтар, деструктивті діни ағымдардың теріс әсері және қоғамда дәстүрлі конфессиялардың маңыздылығы жайлы әңгіме өрбітті.
Ал, психолог Дәурен Қожахметов жиынға қатысушылардың жекелей сұрақтарына жауап беріп, кеңестер берді. Сондай-ақ, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету жұмыстарын да жүргізді.

Бибінұр Сейтбек,
«Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.