«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті | arainews.kz

«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті

209

«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының кезектен тыс 24-ші конференциясы болып өтті. Жиында бас партияның атқарылған жұмыстары  мен алдағы жоспарлары талқыланды.

Конференцияға партия Тараз қалалық филиалының бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар, партия ардагерлері, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдарының мүшелері қатысты. Басқосуда бірінші қалалық филиалдың жыл басынан бері атқарылған іс-шаралары мен түрлі жобалары айтылды.

Елбасының даму стратегиясында көрсетілген міндеттерді Нұротандықтар қашанда жоғары дәрежеде жүзеге асырып келеді. Бүгінгі конференцияда бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері де сөз алып, өз ойларын ортаға салды.

Ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани бағдарлама партияның сайлауалды жобасымен сабақтасып отыр. Бұл бағытта жоспар нақты, мақсат айқын. Сондықтан, саяси ұйымның Тараз қалалық филиалы алдағы уақытта да өз жұмыстарын жалғастырады.

taraztv.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.