Жамбылдық Ниязқұловтар әулеті «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы атанды | arainews.kz

Жамбылдық Ниязқұловтар әулеті «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы атанды

193

Астанада «Мерейлi отбасы» республикалық конкурсының жеңімпаздары анықталды.

Айта кетейік, жеңімпаз отбасылар 31 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында өткен sms/интернет дауыс беру нәтижесінде анықталды. Осылайша, Жамбыл облысынан қатысқан Ниязқұловтар әулеті «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 2018 жылғы лауреаты атанды. Әулет отағасы Үмен Ниязқұлов (83 жаста) 40 жылдан астам уақыт ауыл мектебінде мұғалім, директор қызметтерін атқарған. Зайыбы Баян Ниязқұлова (80 жаста) 26 жыл бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. Аға буынның педагогикалық қызметін балалары мен немерелері жалғастыруда. Әулеттің 3 буынының жалпы педагогикалық өтілі — 198 жыл. Ерлі-зайыптылар 62 жыл бірге өмір сүріп келеді және бірлесіп 12 бала, 32 немере, 20 шөбере тәрбиелеп, өсіріп отыр.

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова жеңімпаз отбасыға салтанатты түрде естелік мүсінше мен автокөлік кілтін табыс етті.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.