Таразда «Баспасөз қызметі мен БАҚ арасындағы байланыстың тиімді жолдары» атты семинар-тренинг өтуде | arainews.kz

Таразда «Баспасөз қызметі мен БАҚ арасындағы байланыстың тиімді жолдары» атты семинар-тренинг өтуде

295

Тараз қаласы «Достық үйінің» мәжіліс залында Жамбыл облысы Ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ұйымдастыруымен мемлекеттік қызмет саласындағы баспасөз қызметкерлеріне арналған «Баспасөз қызметі мен БАҚ арасындағы байланыстың тиімді жолдары» атты семинар-тренинг өтуде.

Баспасөз қызметкерлеріне арналған пайдалы шарада медиатренерлер,  «Ақпарат саласының үздігі», республикалық «Нұр сұңқар» байқауының «ең үздік блогер» аталымының жеңімпазы Өркен Кенжебек пен саясаттанушы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, 2017 жылы БҚО әкімі аппаратының баспасөз-хатшысы қызметін атқарған кезінде БАҚ сауалнамаларының нəтижесінде «Жергілікті атқарушы органдар арасында ең үздік баспасөз қызметі» номинациясын иеленуге мұрындық болған Жарқын Түсіпбекұлы арнайы дәріс оқуда.

 «Ақпарат таратуда ескерілетін басты қағидалар және жылдам әрі шұғыл ақпарат таратудың тиімді жолдары», «Баспасөз қызметкерінің жауапкершілігі», «Мекеме жаңалықтарының БАҚ беттерінде көрініс табуы және оны ұйымдастырудағы баспасөз қызметінің рөлі», және т.б. тақырыптардағы дәріс семинарға қатысушылардың қызығушылығын тудыруда.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.