Азиада-2018: Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финалда | arainews.kz

Азиада-2018: Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финалда

174

Индонезияда өтіп жатқан ХVIII Жазғы Азия ойындарында семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финалға шықты, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі  inform.kz  сайтына сілтеме жасап.

ҚР ҰОК баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін Азия ойындарында семсерлесуден ерлер командасы сынға түсуде.

Ширек финалда Эльмир Алимжанов, Дмитрий Алексанин және Руслан Курбанов үштігі Гонконг құрамасынан 45:33 есебімен басым түсіп, жартылай финалға өтті.

Енді жартылай финалдағы Қазақстан құрамасының қарсыластары — Жапония құрамасы.

Еске сала кетейік, бұған дейін семсерлесуден Қазақстан әйелдер командасы да Азия ойындарының жартылай финалына өткендігін хабарлаған болатынбыз.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.