Венесуэла боливарды деноминациялады | arainews.kz

Венесуэла боливарды деноминациялады

226

Венесуэла ұлттық валютасы боливардың бес нөлін қысқартты, – деп хабарлайды «ARAINEWS». ақпарат агенттігі  24.kz  сайтына сілтеме жасап.

Банкирлердің айтуынша, қаржы ұйымдары қалыпты жұмыс істеп тұр. Енді АҚШ долларының бағамы 248 мың боливарға тең. Ал бұған дейін бір доллар 6 миллион боливарға сатылып келген еді. Венесуэла экономикасын жаңғыртуға арналған бұл реформа туралы өткен аптада ел президенті Николас Мадуро хабардар еткен болатын.

Николас Мадуро, Венесуэла президенті:

— Біз петроға тәуелді болатын бірыңғай айырбастау бағамын орнатамыз. Бұл доллар бағасын бекітуі тиіс.

Петро – биыл жылдың басында Венесуэла енгізген криптовалюта. Өкімет осы виртуалды ақшаның әр данасын 60 доллар тұратын мұнайдың бір баррелімен қамтамасыз етуге уәде берген. Венесуэла мұнай қоры бойынша әлемде бірінші орында тұр. Алайда нарықта мұнай бағасы құлдырғаннан кейін экономикалық дағдарысқа ұшырады. Тұрмыс тапшылығынан жүздеген мың тұрғын көрші елдерге қоныс аударды. Халықаралық валюта қорының болжауынша, жылдың аяғына дейін Венесуэладағы инфляция бір миллион пайызға жетеді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.