Елордада демалыс күндері Түркістан облысының жәрмеңкесі өтеді | arainews.kz

Елордада демалыс күндері Түркістан облысының жәрмеңкесі өтеді

160

Елордада демалыс күндері Түркістан облысының жәрмеңкесі өтеді. Аймақ өндірушілері жәрмеңкеге 101 млн теңге сомасында 411 тонна ауылшаруашылығы өнімдерін әкеледі, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі  inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде оңтүстік өңірдің 200 тоннадан астам көкөнісі мен жемісі ұсынылады және де астана тұрғындарының сұранысы бойынша «Дәмді ет» сауда белгісі бар «Ордабасы құс» ЖШС-нің шұжық және үндіктен жасалған ет өнімдерін де әкеледі.

Сондай-ақ, сүт өнімдері ұлттық тағамның ассортименті ұсынылады.

Айта кетейік, биыл облыс астанаға 5 рет келді және жалпы көлемі 14 мың тоннадан асатын 26 өнімнің түрін ұсынды.

Бұдан басқа, әрбір сенбі, жексенбі күндері Сауран 7, Рысқұлбеков 7 мекенжайы бойынша қаланың 2 ауданында жақын маңдағы кәсіпорындардың қатысуымен жәрмеңке өтті.

Ол жердегі өнімдерді базардағы бағадан 10-15% төмен алуға болады. Тағы бір еске салатын жайт, биыл 100-ден астам ауылшаруашылығы жәрмеңкесі  ұйымдастырылды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.