Таза өңір – жайлы қоғам — arainews.kz

Таза өңір – жайлы қоғам

3

№18 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының
депутаттығына кандидат
Рахымбаева Айнур Камшыбаевна

Өмірбаяным

Құрметті жерлестер!

Мен, Рахымбаева Айнур Камшыбаевна 1985 жылы 3 қыркүйекте Жамбыл облысы, Шу ауданы, Ескішу ауылдық округіне қарасты Белбасар ауылында дүниеге келдім. 2008 жылы Абай атындағы Алматы университетін «журналист» мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолым 2008–2022 жылдары Шу аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры, Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы болып басталды.
2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Шу аудандық мәдениет үйінің директоры болып қызмет атқарудамын.

Сайлауалды бағдарлама

Құрметті сайлаушылары!

Бұл өңірдің әрбір жетістігі мен әрбір мәселесі маған бейжай емес. Себебі мен де осы өлкенің бір перзентімін. Сондықтан халықтың қолдауына ие болған жағдайда, алдағы бес жылды халық мүддесіне қызмет етуге және өңіріміздің дамуына арнамақпын.
Туып-өскен өлкемнің тыныс-тіршілігіне жаны ашитын азаматша ретінде алдымыз- да тұрған ортақ міндеттерді тұрғындармен бірлесе шешуге өз үлесімді қосу мақсатында сайлауға қатысып отырмын.
Егер маған сенім білдіріп, халық қалаулысы етіп сайласаңыздар, өңіріміздің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарға аналық жүрекпен, асқақ жауапкершілікпен атсалысамын.
— Ауданымыздың тазалығы мен көркейту жұмыстарына ерекше назар аударамын. Көшелердің таза әрі тәртіпті болуы, қоқыс мәселесінің ретке келтірілуі және отбасылар мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында тиісті мекемелермен бірлесіп тиянақты жұмыс істеймін.

1. Тазалық – өңір мәдениетінің көрінісі

• Елді мекендердегі көшелерді, аулаларды, саябақтар мен қоғамдық орындарды жүйелі тазалау мәселесін бақылауға алу.
• Қоқыс контейнерлерінің жеткілікті болуын және тұрмыстық қалдықтардың уақытылы шығарылуын талап ету.
• Заңсыз қоқыс орындарын жою және олардың қайта пайда болуына жол бермеу.
• Ағаш отырғызу, жасыл желектерді көбейту және су көздерін қорғау жұмыстарын қолдау.
• Ауызсу сапасы мен кәріз жүйелерінің жағдайын жақсарту мәселесін көтеру.
• Мектептерде, колледждерде және қоғамдық орындарда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жобаларды қолдау.
• Әр елді мекенде тұрақты санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыруға ықпал ету.

2. Қауіпсіздік – әрбір азаматтың құқығы

• Аулаішілік жолдар мен көшелерді жарықтандыру мәселесін шешуге ықпал ету.
• Мектептер мен балабақшалардың маңында қауіпсіз жаяу жүргіншілер өткелдерін, жол белгілері мен жылдамдықты шектеу құралдарын орнатуды қолдау.
• Балалар алаңдары мен спорт алаңдарының қауіпсіздігіне қоғамдық бақылауды күшейту.
• Апаттық жағдайдағы ғимараттар мен қауіпті инфрақұрылым нысандарын жөндеу мәселесін көтеру.
• Тұрғындардың төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ақпараттық жұмыстарды қолдау.
• Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балаларды қорғау қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға ықпал ету.
• Қоғамдық орындардағы бейнебақылау мен қауіпсіздік инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсету.

3. Ана мен бала өмірі – қоғамның басты құндылығы

• Ауылдық жерлердегі медициналық қыз- меттің қолжетімділігін арттыру мәселесін көтеру.
• Перзентханалар мен емханалардың материалдық-техникалық базасын нығайтуды қолдау.
• Жүкті әйелдердің уақытылы тексерілуі мен сапалы медициналық бақылаудан өтуіне жағдай жасауға ықпал ету.
• Ана мен бала денсаулығын қорғау бағытындағы профилактикалық тексерулерді қолдау.
• Ауылдық елді мекендерде акушерлік және педиатриялық көмектің қолжетімділігін жақсарту мәселесін көтеру.
• Балалардың сапалы білім алуына, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуына және қауіпсіз ортада өсуіне ықпал ету.
• Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолайлы жағдай жасауға қолдау көрсету.
• Әлеуметтік осал отбасыларға, көпбалалы аналарға және жалғызбасты ата-аналарға көрсетілетін қолдаудың тиімділігін арттыруға атсалысу.
• Жас аналарға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық кеңес беру қызметтерін дамытуға ықпал ету.

4. Халықпен бірге – нәтижеге

Депутаттың басты міндеті – халықтың үнін билікке жеткізу және шешімін таппаған мәселелердің орындалуын бақылау.
Менің ұстанымым
Тазалық – денсаулық кепілі!
Қауіпсіздік – тыныш өмір кепілі!
Ана мен бала – ұлт болашағы!

Тапсырыс беруші: №18 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рахымбаева А.К.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан
жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Comments are closed.