№16 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат
МУХТАРОВ НУРЖАН МУХТАРОВИЧ
Өмірбаяным
Мен, Мухтаров Нуржан Мухтарович, 1975 жылы 2 наурызда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылында дүниеге келдім.
Білімім – жоғары. 2003–2006 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің көпсалалы колледжінде «Аспапта орындаушылық» мамандығы бойынша білім алдым. 2011–2013 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын «Музыкалық білім» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды 1992 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылындағы №3 ферма клубында маман болып бастадым. 1993–2001 жылдары Ойық кеңшары мәдениет үйі ансамблінің жетекшісі қызметін атқардым.
2001–2021 жылдары Ойық ауылдық клубының меңгерушісі болып еңбек еттім. Осы жылдары ауыл тұрғындарының мәдени өмірін жандандыруға, ұлттық өнер мен дәстүрді насихаттауға, шығармашылық ұжымдардың жұмысын дамытуға үлес қостым.
2021 жылдан 2023 жылғы 2 мамырға дейін Талас ауданы Ойық ауылдық округінің әкімі қызметін атқардым.
2023 жылғы мамыр айынан бастап Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келемін.
Отбасылымын. Үш ұл, үш қыз тәрбиелеп отырмын.
Сайлауалды бағдарлама
Құрметті жерлестер!
Менің өмірлік және еңбек жолым туған жердің мәдениеті мен руханиятын дамытуға, ел игілігі жолында қызмет етуге арналды. Мәдениет саласында ұзақ жыл еңбек етіп, ауылдық округті басқару тәжірибесінен өттім. Осы қызметтер барысында ауылдың тыныс-тіршілігін, тұрғындардың талап-тілегі мен өңірдің өзекті мәселелерін жақсы түсіндім.
Мен үшін депутат болу – мәртебе ғана емес, халық алдындағы үлкен жауапкершілік. Сондықтан облыстық мәслихат депутаты ретінде тұрғындардың үнін билікке жеткізіп, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдауды басты міндетім деп санаймын.
1. Мәдениет пен руханиятты дамыту
— Ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға ықпал ету;
— Мәдениет нысандарын жөндеу, қажетті музыкалық аспаптармен және заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелерін көтеру;
— Ұлттық өнерді, салт-дәстүр мен тарихи мұраны кеңінен насихаттау;
— Жас таланттарды қолдап, шығармашылық үйірмелер мен өнер ұжымдарының жұмысын жандандыру;
— Ауылдарда мәдени-көпшілік іс-шаралар мен өнер фестивальдерінің тұрақты өтуіне қолдау көрсету.
2. Мемлекеттік тіл мен ұлттық құндылықтарды насихаттау
— Мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдегі қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған жұмыстарды қолдау;
— Қазақ тілін үйренуге ниетті азаматтарға жағдай жасау;
— Ұлттық әдебиет, тарих және рухани мұраларды дәріптеу;
— Жастар арасында отансүйгіштік тәрбие мен ұлттық құндылықтарды насихаттау;
— Тіл мен мәдениетті дамытуға бағытталған қоғамдық бастамаларға қолдау білдіру.
3. Ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту
— Ауылішілік жолдардың сапасын жақсарту және жөндеу жұмыстарын жүйелі жүргізу мәселесін көтеру;
— Елді мекендерді таза ауызсумен, табиғи газбен және сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуге ықпал ету;
— Көшелерді жарықтандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жақсарту;
— Балалар ойын алаңдары мен қоғамдық демалыс орындарын көбейтуге қолдау көрсету;
— Ауылдардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобалардың жүзеге асуына атсалысу.
4. Әлеуметтік саланы қолдау
— Әлеуметтік жағынан осал топтарға, көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету мәселелерін назарда ұстау;
— Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту жөніндегі ұсыныстар енгізу;
— Ауылдық жерлердегі медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпал ету;
— Білім беру мекемелерінің жағдайын жақсарту, мектептердің қажеттіліктерін шешуге қолдау көрсету;
— Жастардың сапалы білім алып, кәсіби дамуына мүмкіндік беретін бастамаларды қолдау.
5. Жастар саясаты және спортты дамыту
— Жастардың жұмыспен қамтылуына және кәсіптік білім алуына жағдай жасау мәселесін көтеру;
— Жас кәсіпкерлердің бастамалары мен жаңа жобаларына қолдау көрсету;
— Ауылдарда спорт алаңдары мен бұқаралық спорт нысандарын көбейтуге ықпал ету;
— Ұлттық спорт түрлерін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау;
— Дарынды, белсенді жастардың қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік туғызу.
6. Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдау
— Ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар енгізу;
— Шағын және орта бизнесті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету;
— Ауыл кәсіпкерлеріне мемлекеттік қолдау тетіктері туралы ақпараттың қолжетімді болуын қолдау;
— Шаруа қожалықтарының мәселелерін назарға алып, олардың ұсыныстарын тиісті орындарға жеткізу;
— Жергілікті өнім өндірушілердің әлеуетін арттыруға және ауыл экономикасын дамытуға атсалысу.
Құрметті жерлестер!
Туған жердің өркендеуі – баршамызға ортақ міндет. Мен өзімнің көпжылдық еңбек тәжірибемді, басқару саласында жинақтаған білімім мен күш-жігерімді ел игілігіне жұмсауға дайынмын.
Әрбір ауылдың мәселесі назардан тыс қалмай, әрбір тұрғынның пікірі ескеріліп, нақты істердің жүзеге асуына атсалысу – менің басты ұстанымым.
Ел сенімі – үлкен жауапкершілік. Бірлігіміз бекем, мақсатымыз ортақ болса, өңіріміздің өркендеуіне бірге үлес қоса аламыз!
Тапсырыс беруші: №16 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Мухтаров Н.М.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан
жабылатын шығыстары есебінен төленді.
Comments are closed.