«Әділет» партиясы агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттыруды көздейді — arainews.kz

«Әділет» партиясы агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттыруды көздейді

9

Меркі қант зауытының еңбек ұжымымен кездесуде «Әділет» партиясының кандидаттары өңірлік сайлауалды бағдарламадағы өндірісті дамыту міндеттерін таныстырды. Жүздесуде ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу, отандық өнім өндіруді қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері талқыланды.

«Әділет» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары облыс аудандарында жалғасуда. Партияның партиялық тізімі бойынша ұсынылған кандидаттар Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлы мен Сапарбеков Нұрлан Гиззатұлы Меркі ауданына барып, Меркі қант зауытының еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесуде кандидаттар «Әділет» партиясының Жамбыл облысы бойынша 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасындағы өндірісті дамытуға қатысты басымдықтарды таныстырды. Бағдарламада өңдеу секторына инвестиция тарту, жергілікті өндірісті дамыту және шикізатқа тәуелділікті азайту өңір экономикасының сапалы өсуіне ықпал ететін негізгі бағыттар ретінде белгіленген.

Меркі қант зауыты – облыстың агроөнеркәсіптік әлеуетін көрсететін кәсіпорындардың бірі. 1934 жылы іске қосылған зауыт қант қызылшасын өңдеп, отандық нарықты қантпен қамтамасыз етуге үлес қосып келеді. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу, дайын өнімнің қосылған құнын арттыру және өндірістік кәсіпорындардың тұрақты дамуына жағдай жасау мәселелері сөз болды.

Өңірлік сайлауалды бағдарламада 2031 жылға дейін агроөнеркәсіптік кешенде кемінде 30 жобаны іске асыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу деңгейін арттыру және ауыл тұрғындарының табысын көтеруге ықпал ету көзделген. Сонымен қатар, өңірдің 116 инвестициялық жобадан тұратын портфелін жүзеге асыру арқылы 20 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған.

«Меркі қант зауыты – өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін көрсететін маңызды кәсіпорын. Біздің сайлауалды бағдарламамызда ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеп, дайын өнім өндіруді ұлғайтуға басымдық берілген. Мұндай өндіріс орындарының тұрақты дамуы жергілікті өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, ауылдағы еңбек адамдарына жаңа мүмкіндіктер ашады », – деді кандидат Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлы.

Жүздесу барысында зауыт қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өндірісті дамыту мен еңбек адамының жағдайын жақсартуға қатысты мәселелер талқыланды. Кездесу партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасында белгіленген өндіріс пен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту міндеттерін түсіндіру аясында өтті.

 

Дайындаған: «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Д. А. Каипов.

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражатынан төленді.

Comments are closed.