Құқық кабинеті азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң көмегін алуға қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Мұнда тұрғындар өздерін толғандыратын құқытық мәселелер бойынша ақпарат алып, қажетті кеңестерге қол жеткізе алады.
Құқық кабинеттерінде азаматтарға заңнама талаптары түсіндіріліп, өтініштер мен арыздарды рәсімдеу тәртібі бойынша кеңестер беріледі. Сонымен қатар, тұрғындардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты ақпараттық материалдар ұсынылады.
Құқық кабинетінің басты мақсаты – халықтың құқықтық мәдениетін көтеру, құқықбұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың заң талаптарын білу деңгейін арттыру. Бұл бағыттағы жұмытар қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді. Құқық кабинетінде азаматтар кез келген құқықтық мәселе бойынша кеңес алып, өз құқықтарын қорғаудың заңды тетіктерімен таныса алады.
Заңды білу – әрбір азаматтың құқығы әрі міндеті. Сондықтан құқық кабинеттерінің қызметін пайдалану арқылы тұрғындар өз құқықтарын тиімді қорғауға және құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік алады.
Қазіргі таңда Жамбыл облысында 150 құқықтық кабинет іске қосылып, халыққа құқықтық түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп отыр.