Тараз қаласындағы «Жастар» стадионында «Olympic Day» – Халықаралық Олимпиада күніне орай басқармаға қарасты спорт мекемелерінің қызметкерлері арасында кіші футболдан облыстық турнир өтті.
Тартысқа толы өткен жарыста командалар жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, спорттық шеберліктерін сынға салды. Нәтижесінде, Талас ауданындағы №34 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы жүлделі ІІ орынды иеленді.
Бұл жетістік – команданың ауызбіршілігі мен қажырлы еңбегінің жемісі. Жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз!