«Остров» көркем фильмі көрсетілді

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №67 мекемесінде сотталғандардың рухани-адамгершілік тәрбиесін жетілдіру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Остров» көркем фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Аталған фильм адамның ішкі жан дүниесі, ар-ождан, өкініш, кешірім және рухани жаңғыру сияқты маңызды құндылықтарды қамтиды. Көрсетілім барысында сотталғандар фильм мазмұнымен танысып, кейіпкерлердің өмір жолы мен тағдырынан тағылымды ой түйді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға, құқыққа қайшы әрекеттердің салдарын түсіндіруге және олардың қоғамға бейімделуіне оң ықпал ету болып табылады.
Фильм аяқталғаннан кейін қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, көтерілген тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сотталғандар көрсетілген фильмнен алған әсерлерімен бөлісіп, оның тәрбиелік мәнінің жоғары екенін атап өтті.
Мекеме әкімшілігі алдағы уақытта да сотталғандардың құқықтық санасын қалыптастыруға, рухани құндылықтарын нығайтуға және әлеуметтік оң көзқарасын дамытуға бағытталған мәдени-тәрбиелік іс-шараларды тұрақты түрде өткізуді жалғастырады.