«Таразтрансэнерго» қызметкерлеріне Конституция жобасы түсіндірілді - arainews.kz

«Таразтрансэнерго» қызметкерлеріне Конституция жобасы түсіндірілді

4

Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары аясында шаһар басшысы «Таразтрансэнерго» мекемесінің қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында еңбек адамдарына жаңа реформаның өзектілігі мен тиімді тұстары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, Тараз қаласы мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай Ата Заңға енгізілуі мүмкін өзгерістерге жеке-жеке тоқталып, Конституцияны жаңғырту – уақыт талабы екенін атап өтті. Кездесу барысында қатысушылар да саяси науқанға қатысты өз пікірлерін білдірді.

Кездесу соңында қала әкімі Бақытжан Орынбеков алда өтетін жалпыхалықтық референдумға белсенді қатысуға шақырып, бұл әр азаматтың құқығы мен болашағына тікелей әсер ететін маңызды тарихи оқиға екенін жеткізді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.