31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні | arainews.kz

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

75

1997 жылдан бастап «31-мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып ресми бекітілген болатын. Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы болып қабылданған заңдардың бірі де осы – «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң еді. Аталған заң 1993 жылы 14 сәуірде қабылданды.

1918-1933 жылдар аралығында Қазақстанда әртүрлі мәліметтер бойынша 3 миллионнан астам адам қаза тапты. Оның ішінде 1931-1933 жылдар аралығында 1,7 миллионға жуық адам қаза тапты. 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін құрбандары – 100 мыңнан астам қазақстандық болды.

1933 жылға қарай 40 миллион мал басының оннан бір бөлігі қалды. Мұндай іс-әрекеттерден бірінші кезекте қазақтар зардап шекті, себебі мал олардың негізгі  азықтанудың жалғыз көзі болған. Тәркілеуге 4,5 миллионға жуық мал басы (ірі қара малға қайта есептегенде) алынған 11 260 шаруашылық кірді.

Салдарынан 1931-1933 жылдары 1 млн адамнан (Роберт Конквесттің бағалауы бойынша) 1,75 млн адамға дейін (Абылхожин, Козыбаев және Татимовтың бағалауы бойынша) қайтыс болады. 1 миллионға жуық қазақтарды Ресей Федерациясының шекаралас Қазақ АКСР өңірлеріне, соның ішінде Қырғыз АКСР, Қарақалпақ АКСР, Саратов, Сталинград және Орта Еділ өлкелеріне, Орынбор, Челябинск, Омбы облыстарына, сонымен қатар Батыс Сібір өлкесіне көшіруге мәжбүр болды.

Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес одағы құрамында болған барлық халық пен ұлттардың бетке ұстар интелегенция өкілдері ұшыраған.

Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхамеджан Тынышбаев, Міржақып Дулатұлы, Тұрар Рысқұлов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Санжар Асфендияров, Халел Досмұханбетов, Жаһанша Досмұханбетов, Абдулла Розыбакиев, Магази Масанчи сияқты мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары болды.

Ал Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылып келген. Осы қуғын сүргін жылдарында бүкіл елде 953 лагерь болған. Қазақстанда ГУЛаг-тың 20-дан астам лагері орналасқан. Атап айтқанда «Халық жауы» әйелдерінің Ақмола лагері (АЛЖИР), Қарағанды еңбекпен түзету лагері (Карлаг), Дальний, Степной, Песчаный, Камышлаг, Ақтөбе, Жезқазған лагері, Петропавл лагері, Кингир және Өскемен лагері және тағы басқалары болды. Сонымен қатар НКВД репрессияға ұшырағандардың отбасы мүшелерін де соттады.

2020 жылы Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік комиссия құрылған еді. Мемлекеттік комиссия мұрағаттық зерттеулер жүргізетіні хабарланған еді.

Әміржан ДӘУЛЕТҚҰЛОВ,
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
№25 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.