Аяулы әжелер тал егу жұмыстарына атсалысты | arainews.kz

Аяулы әжелер тал егу жұмыстарына атсалысты

52
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Жасыл аймақ» тақырыбымен қала аумағында ағаш көшеттері отырғызылуда.
Бүгін «Әуендер әлемі» аллеясында кимешек киген 100 әже немерелерімен Ықылас Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінің аумағына 100 түп шынар ағашының көшеттерін отырғызып, абаттандыру жұмысын жүргізді.
Ш. Мұртаза атындағы мектеп- гимназиясының ардагер ұстазы, «Даналық мектебі» клубының төрағасы Сәуле Таңатарова жас ұрпаққа үлгі болар өнегелі іс-шараның маңыздылығына тоқталып, жиналғандарға алғыс айтты.
– Жас ұрпақ «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейді қазақ даналығы. Сондықтан, бабадан балаға жеткен дәстүрмен Табиғат-ананы аялап, қастерлеуге баулу әжелердің парызы. Осы ретте барша замандастарымды кейінгі ұрпаққа үлгі көрсетіп, оларды ұлттық тәрбиемен сусындату мақсатында осынау шарадан шет қалмауға шақырамын, — деді Сәуле Таңатарова.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.