Түзеу мекемесіне түйіншек лақтырған тараздық тұтқындалды | arainews.kz

Түзеу мекемесіне түйіншек лақтырған тараздық тұтқындалды

51

Таразда түрмеге тыйым салынған зат жеткізбекші болған тағы бір заң бұзушылықтың жолы кесілді.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесінде кезекті құқық бұзушылық әшкере болды. 8 ақпан күні сағат 16:30 шамасында №5 бекеті аумағында мекеменің ішкі күзетілетін аймағына белгісіз күдікті адамның белгісіз зат лақтырғаны туралы хабар келіп түскен.

Дер кезінде әрекет еткен мекеменің жедел және режимдік бөлімдерінің қызметкерлері Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі бзесімен күрес басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп күдікті азаматты қолға түсірді. Ұсталған Н. Б. есімді азамат 1993 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны екені белгілі болды.

Келесі кезекте мекеме қызметкерлері мекеменің белгісіз түйіншек лақтырылған аумағын қоршауға алып, оқиға болған жерді мұқият тексеру нәтижесінде бақылау-із жолағында скотчпен оралған 2 дана түйіншек табылды. Аталған факті бойынша Тараз қалалық Полиция басқармасының Кезекші жедел-тергеу тобы шақырылды. Табылған түйіннің ішінен 1 дана смартфон мен ерекше иісі бар жасыл түсті зат анықталды. Аталған заттарды кезекші жедел-тергеу тобы тәркілеп, сот-химиялық сараптамасы тағайындалды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.