Жаңа өндіріс — жаңа кәсіп | arainews.kz

Жаңа өндіріс — жаңа кәсіп

86

Бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі — сотталғандарды жаза өтеу мерзімі кезінде жұмыспен қамтамасыз ету, еңбек еткізу арқылы біз олардың қоғамға керек екендігін мойындату.
«Адамды адам ететін — еңбек» деген қазақта аталы сөзді еске алып, сотталған азаматтарды жұмысқа тарту мәселесінің маңыздылығына аса назар аударып, бүгін №25 мекемесінің өндіріс аумағына жеке кәсіпкерлерді бірлескен келісіммен РМК «Еңбек Тараз» филиалының бос тұрған ғимараттарында жаңа жұмыс орындарын ашуға мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді. Аталған жиынға Жамбыл облысы прокуроры, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД бастығы, Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасының, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының, Тараз қалалық әкімдігінің қызметкерлері қатысты.
Бүгінгі күнге №25 мекемесінде нақты ақылы жұмыспен 215 сотталған жұмыспен қамтылған. Атап айтқанда,
РМК «Еңбек Тараз» филиалында 56 сотталған, мекеменің шаруашылық қызметінде 39 сотталғанған жұмыспен қамтылған.
Бүгінгі күнге РМК «Енбек Тараз» филиалымен бірлескен келісіммен 5 жеке кәсіпкер жұмыс атқаруда, аталған ақылы жұмыс орындарында 120 сотталған жұмыс атқаруда.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.