Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Лесбек Құралбайұлы Илебаев Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Лесбек Құралбайұлы Илебаев 1982 жылы 17 тамызда Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Қазақ гуманитарлық- заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша PhD докторы.
2004-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты richard mille cheapest watches депутатының көмекшісі қызметін атқарған.
2010-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторантурасында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша күндізгі бөлімінде оқыған.
2014-2016 жылдары Солтүстік Қазақстан Облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары, 2016-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратында, 2017-2018 жылдары «Каспий әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басқарушы директоры, басқарма төрағасының міндетін атқарушы, 2018-2019 жылдары Коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
2020-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі болып еңбек етті.
2023 жылдың қаңтарынан бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы қызметін атқарып келді.