Жол саласындағы кадр тапшылығы қалай шешіледі? | arainews.kz

Жол саласындағы кадр тапшылығы қалай шешіледі?

53

Кадр тапшылығы барлық салада бар. Ал, бұл мәселе аталған салада жұмыс қызып тұрған шақта тіпті өрши түседі. Десе де, бұл шешілмейтін мәселе емес. Бұл ретте жүйелі жоспар түзіп, арнайы бағдарлама қабылдау қажет-ақ. Әрбір әрекет автожол саласына тың жаңалықтар әкеліп, технологиялардың жетілуіне және саладағы жаңа серпілістердің келуіне мүмкіндік беретінін ұмытпаған жөн.

Қазіргі кезде Жамбыл облысының аумағында орналасқан «SineMidasStroy» компаниясында жол-зертхана шеберлері, арнайы техникаларды жүргізетін операторлар жеткіліксіз. Алайда, «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» өңірлік филиалының қызметкерлері қол қусырып отырған жоқ. Жамбылдық жолшылар «2000 мектеп» жобасы аясында білім ошақтарын аралап, ізбасарларын дайындауға күш салуда. Мұндағы мақсат – болашақ талапкерлерге жол саласының бағыттарымен тұстарын түсіндіру, саладағы жұмыстың артықшылықтары мен мүмкіндіктерін сипаттап, оқушылардың осы салаға деген қызығушылығын ояту.

Атап өтерлігі, ел Президенті бұған дейін республикамызда білікті техникалық кадрларды даярлау қажеттігіне ерекше мән беріп, көп тірлікке тосқауыл болып тұрған проблеманы шешу қажеттігіне ерекше тоқталған болатын. «Бәріміз білімге деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Гуманитарлық мамандықтарға құмарлықтың заманы өтті. Техникалық мамандықтарға басымдық беру қажет. Өнеркәсіптік инженерлердің жаңа буынын өсіру қажет», — деді Мемлекет басшысы.

Ендеше, елімізде инфрақұрылымның дамуына, орындалатын жұмыстар мен жобаларды сапалы болуын көздесек, ең бірінші кезекте бұл саладағы кадрлық дефицитті жоюға күш салуымыз керек.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.