«AMANAT» партиясы атынан Жуалы және Т.Рысқұлов аудандарының әкімдері лауазымдарына кандидаттар ұсынылды | arainews.kz

«AMANAT» партиясы атынан Жуалы және Т.Рысқұлов аудандарының әкімдері лауазымдарына кандидаттар ұсынылды

4 863

Биыл өңірде әкімдер сайлауы өтетін аудандарда «AMANAT» партиясы филиалдарының конференциялары басталды. Конференция делегаттары әкім лауазымына ұсынылатын кандидаттарды бекітуде.
«AMANAT»-та аудандардың әкімі лауазымына партиядан кандидат ұсыну процесі басталды. Атап айтқанда, бүгін Жамбыл облысында партияның Жуалы аудандық филиалының кезектен тыс XLI (41-ші) конференциясы өтті. Конференция жұмысына қатысқан делегаттар шешімімен Жуалы ауданының әкімі лауазымына кандидат ретінде Мұртаза Жалғас Әлижанұлы ұсынылды. Алдағы күндері ол аумақтық сайлау комиссиясында тіркеуден өтеді.
2021 жылдан бастап өңірде 131 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткенін, оның барысында «AMANAT» партиясынан 121 кандидат жеңіске жетті. Бұл партияның саяси науқанға дайындығын және білікті кадр мен сауатты саяси платформамыз барын аңғартады.
Сондай-ақ, бүгін «AMANAT» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалының кезектен тыс XXXIX (39-шы) конференциясы өтті. Іс-шараға 200-ге жуық делегат қатысып, олар аудан әкімі лауазымына Есіркепов Ернар Серікәліұлын ұсыну туралы шешім қабылдады.

 

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.