Абай күні аталып өтілді | arainews.kz

Абай күні аталып өтілді

760

Еліміздіе 10 тамызда қазақтың бас ақыны, философ және композитор Абай Құнанбайұлының күні аталып өтіледі. Осыған орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде мәдени-танымдық шара өтті.

Жиынның негізгі мақсаты – сотталғандарды Абайдың даналығымен таныстыру, оның кемеңгер мұрасын дәріптеу. Сотталған азаматтардың қатысуымен болған бұл шарада олар ақынның өмір жолы мен  шығармалары жайында жан-жақты ой қозғады. Олардың бірі өлеңдерін мәнерлеп оқыса, енді бірі қара сөздерінің мағынасына бойлап, өз-өзін танып білді.

Бұл оқиға сотталғандарға ұлы композитордың шығармаларын еске түсіруге және жаңа қырынан ашуға тамаша мүмкіндік берді. «Бұл ең маңызды мәдени шаралардың бірі болды» деп атап өтті сотталғандар.

Шара соңында сотталғандарға қазақтың бас ақыныңың өмірі мен шығармашылығы туралы толыққанды түсінік берілді.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.