Түзеу мекемесінде «Сенім маршруты» бағдарламасы жүзеге асуда | arainews.kz

Түзеу мекемесінде «Сенім маршруты» бағдарламасы жүзеге асуда

1 123

Өткен жылдың сәуір айынан бастау алған «Сенім маршруты» бағдарламасы Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты мекемелерде де жалғасын табуда.

Бүгін департаментке қарасты №25 мекемеде Жамбыл облыстық прокуратурасының бастамасымен өткен кездесуде жазасын өтеушілер арасындағы түйіні шешілмей жүрген мәселелер бойынша түпкілікті шешім қабылдау, оларға әлеуметтік көмек көрсету жайы қозғалды. Шараға бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері, ҚАЖ департаментінің басшылығы және прокуратура өкілдері қатысты. Жиында облыстық прокуратура қызметкерлері 60 сотталғанмен кездесіп, сауалдарына тұшымды жауап беріп, бірқатарына көмек көрсетілетін болды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.