Жамбыл облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесі жедел бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында полиэтилен қапшыққа жасырылға қару-жарақты тапты.
– Жасырылған қару-жарақ көмбесі Солнечный елді мекені Патыш Юнусова көшесінің бойында орналасқан құрылысы аяқталмаған ғимараттың ішінен табылды. Аталған қапшықтың ішінде «ИЖ-56» маркалы біріктірілген кесілген аңшы мылтығы, 32-ші калибрлі 32 дана патрон, 16-ші калибрлі 9 дана патрон, 500 грамм мөлшерінде «Аю» маркалы патрондарға арналған оқ-дәрі (порох) және 1 дана оққағар (бронежилет) бар екені белгілі болды, – дейді №25 мекеменің қызметкерлері.
Қазіргі уақытта сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.