«Қақпа алдында кездесу» шарасы өткізілді | arainews.kz

«Қақпа алдында кездесу» шарасы өткізілді

119

Жамбыл обылысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесінде жазасын өтеген 2 азаматтың бостандыққа шығуына байланысты «Қақпа алдында кездесу» шарасы өткізілді.

Аталған шараға мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов, Тараз қаласы әкімдігі жұмыспен қамту орталығының бас маманы Мұрат Әмреев, Тараз қаласы №1 пробация қызметі бастығының орынбасары, әділет майоры Айбек Ниязымбетов және Тараз қаласы ПБ ЖПҚ қызметкері, полиция аға лейтенанты Қуаныш Әлішеров қатысты.

Басқосу барысында босатылған азаматтарға еркіндіктегі өмір жағдайына қалыптасып, қайта қылмыс жасамай сыртқы ортаға бейімделуіне құқықтық және әлеуметтік көмектер көрсетілетіні жөнінде түсінік берілді.

Азаматтар өздерінің алға қойған мақсаты бар екенін, алдағы уақытта қайта қылмыс жасамайтынын айтып, заң алдында адал өмір сүруге уәделерін берді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.